Алматының "Құлагер" ықшам ауданында адамдарды көпқабатты үйден эвокуациялады

Фотография - Алматының "Құлагер" ықшам ауданында адамдарды көпқабатты үйден эвокуациялады

Өрт екінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан.

351 0

Алматының "Құлагер" ықшам ауданында тоғыз қабатты үйден өрт шықты. Өрт екінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан, деп хабарлайды Today.kz Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасай отырып.

ТЖД Алматы 101 пультіне өрт туралы хабар сағат 11:00 түскен. Шақырылған жерге бірінші өрт сөндіру бригадалары келіп, өртті сөндіре бастады, сонымен қатар жоғарғы қабаттағы және төмен қабаттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшірді.

"Өрт Жетісу ауданы "Құлагер" ықшам ауданы, 29 үйде орын алған. Өрт екінші қабаттағы үйдің балконынан шыққан. Бірте-бірте өрт өршіп, жоғары қарай көтерілген, аяғында бесінші қабатқа дейін жеткен. 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11:36-да өрт ауыздықталды. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады" - деп ақпараттандырды Руслан Иманқұлов. 

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ендігі кезекте өрттің неден шыққанын анықтауға тура келеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!