Ақтөбелік террористерге Сириядан имам үндеу жасаған - тергеу

Фотография - Ақтөбелік террористерге Сириядан имам үндеу жасаған - тергеу

Имамның үндеуінен кейін олар джихадқа шыққан.

2763 0

Ақтөбелік террористер мұның алдында Сириядағы имаммен тілдескен  болуы мүмкін, деп жазады Today.kz. Тергеу нұсқасы бойынша, дәл осы үндеуден кейін олар джихадқа аттанған.

"Ол жерде болғандар мен ұйымдастырушылардың барлығы ұсталды немесе көзі жойылды. Мен нақты айтайын: олар пәтерге жиналғанда, олар өздерінің имамдарының джихад жасау керектігі туралы үндеуін тыңдаған. Тап сол күні бірден бастап кетуді ұсынған, олар әрине, дайындалған. Олар нысандарды білген, қашан және қай жерге баратынын", - деді министр.

Сонымен бірге ол имамның сириядан болуы мүмкіндігін айтады.

"Ол имам Сириядан деп ойлаймын, тергеу дәлелдер. Олар оны тыңдағаннан кейін: "Бізге қасиетті джихад жүргізу керек. Кім бізбен?, деген. Кім барды – солар барды. Тергеу көрсетеді, сұрау аламыз", - дейді Қасымов. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!