Полиция әуе компаниясы кассасынан 1,5 млн жымқырған қызметкерді ұстады

Фотография - Полиция әуе компаниясы кассасынан 1,5 млн жымқырған қызметкерді ұстады

Күдікті өз кінәсін мойындады.

230 0

Астана станциясындағы Желілік полиция бөліміне "Халык-Эйр" (осыған дейін "Бэк-Эйр") әуе компаниясы белгісіз біреудің кассадан ақша қаражатын иемденіп кеткені жөнінде хабарлама түсірген, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Былтырғы жылы шілде айында. ақша қаражатын инвентаризациялау барысында Астана қаласындағы "Бэк-Эйр" ЖШС-нің кассасында 1 448 994 теңге жетпегені анықталған.

Көлік полицейлерімен тексеру барысында жоғарыда аталған әуе компаниясының 30-жастағы қызметкері анықталып, ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Алайда, ұрланған ақша қаражатын жұмсап қойған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 189 бабының 1 тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!