Алматыда тау өзеніне құлап кеткен сәбиді іздеу жұмыстары жалғасуда

Фотография - Алматыда тау өзеніне құлап кеткен сәбиді іздеу жұмыстары жалғасуда

Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, оқиға Үлкен Алматы шатқалында орналасқан кафенің маңында болған

669 0

Құтқарушылар Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен бір жарым жасар баланы іздестіруді жалғастыруда, деп жазады Today.kz. Бұл жұмыстарға Республикалық жедел құтқару отрядының 12 маманы, екі техника мен қалалық құтқару қызметі жұмылдырылған.

1:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта тоқтатылған іздеу шараларының нәтижесі айтылмады. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, бала өзенге Үлкен Алматы шатқалында орналасқан кафенің маңында шамамен 18:00-де құлаған.

Естеріңізге салсақ, оқиға 14 шілдеде болды. Баланы өзенге анасы құлатып алғаны хабарланған. Баланы іздеумен төрт техниканы пайдалана отырып Республикалық жедел құтқару отрядының 11 маманы айналысқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!