Алматыда сәбиді суға суретке түспек болған әпкесі құлатып алған

Фотография - Алматыда сәбиді суға суретке түспек болған әпкесі құлатып алған

Бір жас тоғыз айлық бала 15 жасар әпкесінің қолында болған

7172 0

Өзнге құлап кеткен тоғыз айлық баланы іздеу жұмыстары 40 полицей мен ТЖ бөлімшелерінің күштерімен жүргізілуде, деп жазады Today.kz. Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының мәліметінше қайғылы оқиға кеше сағат кешкі алтылар шамасында "Алма Арасан" шатқалында болды. 15 жасар әпкесі тоғыз айлық баланы қолына ұстап, өзенге жақын барып, суретке түспек болған. Алайда, қыз бала құлап кетіп, баланы қолында ұстап қала алмаған.

"102 пультына хабарлама келіп түсе салысымен жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына 20 учаскелік полицей, 28 ювеналды полиция қызметкері және ТЖД өкілдері кірді. Сонымен бірге полицияның 12 техникасы тартылды. Өкінішке қарай іздеу жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ. Сонымен бірге ҚР ҚК 141-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары да басталып кетті. Куәгерлер анықталып, сұрау алу жүруде. Қазіргі кезде баланы іздеу жұмыстарымен 20 полицей, 20 ТЖ қызметкері айналысуда және полицияның төрт техникасы жұмылдырылды", - дейді Бостандық ауданының ІІБ бастығы Берік Әбілбеков.

Естеріңізге салсақ, оқиға 14 шілдеде болды. Баланы өзенге алғашында анасы құлатып алғаны хабарланған еді. Баланы іздеумен төрт техниканы пайдалана отырып Республикалық жедел құтқару отрядының 11 маманы айналысқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!