Терактіге дайындық туралы жалған ақпарат берген ақтөбелік әйел ұсталды

Фотография - Терактіге дайындық туралы жалған ақпарат берген ақтөбелік әйел ұсталды

Бейтаныс әйел полицияға ұялы телефоннан хабарласқан.

382 0

Үйлердің бірінде терактіге дайындық жүріп жатыр деген жалған ақпарат берген ақтөбелік әйел ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.

Бейтаныс әйел полицияға ұялы телефоннан хабарласқан. 

"Белгісіз әйел Ақтөбе қаласы Қарғалы көшесіндегі үйлердің бірінде терактке дайындалып жатқаны жайлы хабарлаған. Алайда тексерістен кейін ақпарат расталмады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына полицейлер жіберілді, жарылғыш зат табылмады.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазір күдікті Ақтөбе қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!