Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7 сынып оқушысы көз жұмды

Фотография - Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7 сынып оқушысы көз жұмды

Қыз балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетіп үлгермеген.

632 0

Оқиға Ақмола облысының Қатаркөл санаторийінің Тайыншы ауданындағы  "Арман" сауықтыру лагерінде болған.

2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 16-00 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойнап жүріп, байқаусызда кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланған. 10 минут төңірегінде зардап шеккен қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді.

Дегенмен, жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетіп үлгермей, өлім фактісін тіркеген.

Облыстық акимат пен білім басқармасы 15.06-нан 16.06 өтер түн ішінде 11 психологтардан құрылған топты ұйымдастырып, Тауыншы ауданына лагерь балалары мен кызметкерлерге психологиялық көмек жіберді.

Анна Маликова аз қамтылған отбасылар фондынан лагерге жолдама алған. оның анасы үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Анна Маликованың өмірден кеткен қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіріп отыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!