Баян Есентаеваны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр

Фотография - Баян Есентаеваны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр

Фото: ©Алмаз Толеке

Продюссердің қазіргі жағдайы тұрақты қанағаттанарлық деңгейде.

14889 2

Қазақстандық продюссер Баян Есентаеваны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы зардап шегуші түскен Талғар аудандық ауруханасының директордың емдеу ісі бойынша орынбасары хабарлайды.

"Науқастың жағадайы бірқалыпты, қанағаттандырарлық деуге жақын. Науқас тұра алады, ол қозғалыста. Қиын кезеңдерден өтті, бүгін ота жасалғанына алты күн болды, ол үйіне сұрануда. Сенбі күні шығаруымыз мүмкін", - деді  Талғар аудандық ауруханасының директордың емдеу ісі бойынша орынбасары Ербол Сәрсенбаева.

Қазақстандық продюссер Баян Есентаеваның жағдайы жақсарды деген ақпарат 14 маусым күні белгілі болған. Дәрігерлер оның отыра алатындығын айтып, туыстарымен көрісуге рұқсат берілгендігін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланған. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас болған. Ол екі айға қамалды. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.  Баян Есентаеваның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дегенмен, дәрігерлер оның жағдайы жақсарады деп болжауда.

Баян Есентаева Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұқбатында өзінің жары туралы айтып берген болатын. "Ол өте қызғаншақ, біз мінездерімізге байланысты ұзақ табыстық. Мен үш рет ажырасуға арыз бергенмін, отбасының алғашқы он жылын соғыс жүрді деп сенімді айтуға болады", - деген болатын сол кезде белгілі продюсер.

Айта кетейік, WhatsAppта және әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суреті тарап жатыр. Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы "өзінің лайықты жазасын" алатынына сенімді.





Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Жибек 17 мау. 2016

Баян Есентаева Алла сизге шипасын берсин! Жазылып кетиниз.

Жауап беру


Жазира 19 мау. 2016

Баян ханым Алла тагалам тил козден сактасын.Алла шипасын берсин.сиз ушин кундиз туни дуга кылдым.Аллага шукир жаксарып келесиз.Алла тагалам тилегимизди кабыл етти.

Жауап беру