Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандықтар 2 тәулікке қамалды

Фотография - Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандықтар 2 тәулікке қамалды

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік іс қарады

298 0

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік іс қарады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына 25 мамырда келіп, Бұланды ауданында тіркелген, ал Еңбекшілдер ауданында тұрып қызмет еткен. Осыған байланысты Өзбекстан Республикасының азаматтары тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон заңнамасын бұзған.

Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының жеті азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен ("Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!