Бестөбе шахтасында атыс болды

Фотография - Бестөбе шахтасында атыс болды

Маусымның 16-сы күні аталған агенттіктің күзетшілер шахтадан шыққан кеншілерді тексергенде екі топтың арасында жанжал шыққан.

22463 0

Полицияның хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні кешкі уақытта Степногорскке жақын маңда болған. "Қазақалтын" ТМК" АҚ шахталарының бірінде ауысым жұмысшылары мен күзет қызметшілер арасында төбелес болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Аталған факті бойынша жақын маңдағы полиция жасақтары дереу оқиға орнына аттанған.

"Сағат 20:00 шамасында шахтада жұмыс кезегінің аяқталған кезінде, бір жұмысшы ішкі тәртіпке бағынбаған, яғни төбеге шығар уақытта шахта күзеті жұмысшыдан жеке заттарын тексеру мақсатында сұраған. Осыдан кейін жұмысшымен күзетші арасында жанжал шығып, артынша жұмысшылармен күзетшілер арасындағы жаппай төбелеске айналған. Төбелес салдарынан 14 адам дене жарақатын алған", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гульнара Пинчук.


Облыстық ІІД және ІІБ, Степногор прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдары басшылығының қатысуымен өткен түсіндіру жұмысnтары барысында наразы топ үйлеріне қайтты. Жұмысшылар мен күзетшілер арасындағы жанжалды дөңгелек үстел барысында шешу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда кентте жағдай тұрақты.

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен кінәлілер анықталуда", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Полицейлер төбелеске қатысқан қанша адам екендігін анықтап жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!