Елімізде жыл басынан бері 38 экстремист пен террорист сотталды

Фотография - Елімізде жыл басынан бері 38 экстремист пен террорист сотталды

Бұл қылмыс Қазақстанда да кеңінен етек жайып барады.

376 0

Қазақстанда жыл басынан бері 38 экстремист пен террорист сотталды. Бұл туралы экстремизм мен терроризмге қатысты істерді қараудағы сот тәжірибесінің мәселелері талқыланған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары, Массачусетс штаты (АҚШ) федеральдық округтік сотының судьясы Ричард Дж. Стернс,  ЮСАИД ұйымының демократия, адам құқықтары мен мемлекеттік басқару бөлімінің директоры Бриони Джеймс, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және тағы басқалары қатысты.         

Кездесуде Жоғарғы сот судьясы Қамбар Нұрышев терроризм мен экстремизм бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қауіп-қатер төндіріп отырғандығын және жыл өткен сайын ауқымы артып келе жатқандығын атап өтті.

"Бұл қылмыс Қазақстанда да кеңінен етек жайып барады. Көбінесе дүниетанымы толық қалыптаспаған жастар терроризм идеологиясының жетегінде кетіп отыр. Қазіргі таңда терроризм  тактиканы ауыстырып, неғұрлым белсенді әрі ұтқыр бола түсуде", - деді ол.

Қ.Нұрышев талқыланып отырған тақырып бойынша тәжірибе алмасудың танымдық тұрғыдағы өзектілігін атап өтті.

Өз сөзінде Дж.Стернс барлық елдер мен халықаралық ұйымдарды лаңкестікпен бірлесіп күресуге шақырды. Ол Ақтөбеде орын алған террористік акт туралы ағылшын тілді газеттерден оқып білгенін және террористік шабуылдардың өз шекарасын кеңейтіп жатқандығына алаңдаушылық білдірді. 

Отырыс барысында қатысушылар террористердің елдегі билік жүйесін тұрақсыздандыру, ұлтаралық қатынасты шиеленістіру, барлық тәсілмен тұрғындарды қорқыту ойларының іске асуына жол бермес үшін алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

ҚР Бас прокуратурасы Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесін қорғау департаментінің басқарма бастығы М.Нұрмұхамедов биылғы жылдың бес айының ішінде елімізде экстремизм мен терроризм бойынша 38 адамның сотталғанын мәлімдеді. Олардың кейбірі Украина мен Сириядағы әскер қақтығыстарға қатысқан.

ҚР ҰҚК тергеу департаментінің бас тергеушісі С.Аманов Қазақстанның терроризммен және экстремизммен күресте қолданып жатқан бірқатар шаралары туралы айтып өтті. 

Стернс мырза әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды террорлық актілерге шақырумен күресте америкалық әріптестері қолданатын тиімді әдістер, сондай-ақ соғысқа қатысып, Отанына оралғандармен қалай жұмыс істеу қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар ғаламдық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты кеңейту, терроризм мен экстремизм ұғымдарын заңнамалық түзету, осы санаттағы қылмыстарды жіктеудегі даулы мәселелерді шешу, осы қылмыспен күрестің жалпы тактикасын анықтау және қалыптасқан сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігін атап өтті, деп мәлімделі Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!