Полициядағылар Таразда болған атыс туралы ақпаратты растады

Фотография - Полициядағылар Таразда болған атыс туралы ақпаратты растады

Алдын ала мәліметтер бойынша екі адам зардап шеккен.

3465 0

Жамбыл облыстық ІІД Тараз қаласының ықшам ауданында болған атыс туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Оқиға туралы ақпаратты бірінші болып куәгерлердің сөзі арқылы БАҚ тараған.

"Атыстың болғандығын растаймыз. Қазіргі кезде оқиға туралы ақпараттарды жинаудамыз", - деді өңірдегі ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Тараз қаласының №6 ықшам ауданында тұрғын үйдің жанында, жас адамдар тобы полициядан қашып келе жатып, қарудан оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкері және атқандардың біреуі жараланған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда Ақмола облысында Бестөбе кентінде атыс болды. "Қазақалтын" АҚ қарасты шахтада кеншілер мен күзетшілер арасында төбелес болып, арты атысқа ұласқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!