Прокуратура танымал әлеуметтік желілерде суицидке итермелейтін топтарды анықтады

Фотография - Прокуратура танымал әлеуметтік желілерде суицидке итермелейтін топтарды анықтады

Екібастұз қаласы прокуратурасы "VKontakte", "my.mail.ru" мен "facebook" әлеуметтік желілеріне мониторинг жасады.

441 0

Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен облыс прокуратурасының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда аталған сайттарға құзыретті органдар тосқауыл қойды.

Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокуратурасы "VKontakte", "my.mail.ru" мен "facebook" әлеуметтік желілеріне мониторинг жасау барысында балалар арасында өз-өздеріне қол жұмсауды  насихаттайтын, өмірден қол үзуге итермелейтін 13 топ анықтады деп хабарлайды Екібастұз қ. прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау бөлімінен.

Ведомствоның мәліметінше, аталмыш топтың мүшелері өз-өзіне қол жұмсаудың тәсілдерін айтады және бұндай әрекеттерді орындау үшін серік іздейді, альбомдар жасайды, мұнда жазылушылар тамырларын кескен, асылған және жоғарыдан құлаған жасөспірімдердің фотоларын орналастырады.

Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен облыс прокуратурасының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда аталған сайттарға құзыретті органдар тосқауыл қойды.

"Сонымен қатар Екібастұз өңірі бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуінің алдын алу және жол бермеу мақсатында мобильді топтар құрылған (құрамына прокуратура қызметкерлері, білім беру бөлімі, ювенальді полиция тобы, қамқоршылық органы,кәмелетке толмағандар туралы істер бойынша комиссия кіреді)", - делінген қадағалау органының хабарламасында.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!