Алматы облысында ер адам сал ауруымен сырқат қызды зорлаған

Фотография - Алматы облысында ер адам сал ауруымен сырқат қызды зорлаған

Қылмысқа күдікті ер адамның жеке тұлғасы үш күнде анықталды

676 0

Алматы облысында  БЦСА-мен (балалар церебральды сал ауруы) сырқат 16 жасар қызды зорлады деген күдікпен 22 жасар жігіт ұсталды, деп жазады Today.kz  аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға 18 маусымда орын алған. полицияға қыздың анасы арызданған және күдіктінің жеке тұлғасы үш күнде анықталды.

Ер адам қызбен Ғаламтор арқылы танысып, кездесуге шақырған. 22 жасар көрші Қайназар ауылының тұрғыны кездесуге шыққан қызды көлігіне отырғызып, ауыл сыртына алып шығып зорлаған. Өзін ақтау үшін ол қыз баланың кәмелетке толмағанын білмегенін айтады. Дегенмен қыз бала өз жасынан жас көрінгендіктен бұл сылтау болып көрінеді дейді полициядағылар.

ҚР ҚК 120-бабы "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Күдікті қамауға алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!