Бестөбедегі жаппай төбелестен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны артты

Фотография - Бестөбедегі жаппай төбелестен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны артты

Төрт адам дәрігерлер бақылаунда.

624 0

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында Бестөбе ауылында орналасқан алтын шығаратын кен орнындағы атыс болған оқиғадан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Today.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде ауруханаға келгендер саны 16, төртеуі дәрігерлер бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық. Олардың ауруханадан шығуы туралы айту әлі ерте. Қалғандары үйлеріне жіберілді", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Шанхи Өтебаева. 

Оның ақпаратынша, медециналық көмекке жүгінгендерден оқ қарудан болған терең жара, бас миының шайқалуы мен өзге жарақаттар анықталған.

Естеріңізге салсақ, 16 маусымда Бестөбе ауылындағы алтын шығаратын кен орнында жеке күзет қызметі мен "Қазақалтын" АҚ жұмысшылары арасында жаппай төбелес болған. Төбелес кезінде күзетшілер қару қолданған. Ол кезде зардап шеккендер саны 14 адам деп хабарланған болатын.

Кейін ҚР ІІМ бұл қақтығыс туралы пікірін айтып, оқиға қатысушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жеткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!