Таразда атыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр күйде қалып отыр

Фотография - Таразда атыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр күйде қалып отыр

Дәрігерлер жаралыларға жедел операция жасаған.

560 0

Тараздағы атыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр күйде қалуда. Бұл туралы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

"Екі пациент 19 маусым күні 16:50-де оқ жарақатымен өте ауыр күйде жеткізілді. Олардың бірі ІІД қызметкері. Екі пациентке де жедел операция жасалды. Олардың жағдайы тым ауыр. Жан сақтау бөліміндегі жағдайда интенсивті терапия жүргізілуде", - дейді Ордабеков.

Естеріңізге салсақ, 19 маусым күні Тараз қаласының ықшамаудандарының бірінде болған атыс жайында куәгерлер айтып берген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жігіт полициядан қашып келе жатып қарудан оқ атқан. Полиция қызметкері мен оқ атқандардың бірі жараланды. Жамбыл облысының ІІД оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. Белгілі болғандай, ұсталған күдікті істі болған адам ретінде тіркеуде, бірақ діни экстремист емес.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!