Астанада жедел жәрдем көлігі ЖКО-ға тап болды, 8 адам зардап шекті

Фотография - Астанада жедел жәрдем көлігі ЖКО-ға тап болды,  8 адам зардап шекті

Астанада жедел жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды, 8 адам зардап шекті деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

279 0

Астанада жедел жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды,  8 адам зардап шекті деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Астаналық полицейлер бүгін таңғы 05:00 шамасында Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша жедел жәрдем жүргізушісі қызыл түсті бағдаршамға шығып кетіп, Opel Vectra автокөлігіне соғылған.

"Соғылған уақытта жедел жәрдем көлігі аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақаттарымен 8 адам, оның ішінде 3 жедел жәрдем қызметкері, науқас және оның қасындағы адам, сондай-ақ Opel көлігінің жүргізуші мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жүгінді", - делінген хабарламада.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!