Таразда полицияның қатысуымен атыстан бұрын қылмыстық текетірес болған

Фотография - Таразда полицияның қатысуымен атыстан бұрын қылмыстық текетірес болған

Тексеру барысында, атыс барысында жараланған адамды ауруханаға қабылдаған кезде полицияға хабар бермегені анықталды.

616 0

Тараз ықшамаудандарының бірінде полициямен атыс болардан бұрын қылмыстық текетірес болған. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Today.kz. Тексеру барысында, атыс барысында жараланған адамды ауруханаға қабылдаған кезде полицияға хабар бермегені анықталды.

"Азамат А. атыстан бұрын қылмыстық текетірес барысында жараланған, бұл туралы аурухананың жауапты қызметкерлері полицияға хабарламаған. Облыс прокуратурасы ұсынысы бойынша №1 қалалық ауруханасының дәрігері Н. Карпович жұмыстан шығарылып, өзгелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдары өз уақытында ескертілген болса, ары қарайғы әрекеттердің алдын алып, полиция қызметкерінің жарақаттануынның алдын алуға болар еді", - деп хабарлайды прокуратурадан.

Естеріңізге салсақ, 19 маусым күні Тараз қаласының ықшамаудандарының бірінде болған атыс жайында куәгерлер айтып берген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жігіт полициядан қашып келе жатып қарудан оқ атқан. Полиция қызметкері мен оқ атқандардың бірі жараланды. Жамбыл облысының ІІД оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. Белгілі болғандай, ұсталған күдікті істі болған адам ретінде тіркеуде, бірақ діни экстремист емес.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!