Жұмабековтың "Евразия+ОРТ" ЖШС үстінен берген арызына қатысты сот шешімі шықты

Фотография - Жұмабековтың "Евразия+ОРТ" ЖШС үстінен берген арызына қатысты сот шешімі шықты

Отырыс Бостандық ауданының азаматтық сотында өтті.

458 0

Алматының Бостанды ауданының сотында заңгер Нұрхан Жұмабековтың "Евразия+ОРТ" ЖШС-на қатысты береген арызы бойынша шешім шығарылды, деп жазады Today.kz. Моральдық шығынды өтеу бойынша азаматтық істі қарап, сот арызды қанағаттандырмады.

Мұның алдында тараптардың келісімге келе алмағаны хабарланған.

Естеріңізге салсақ, заңгер Нұрхан Жұмабеков "Евразия+ОРТ" ЖШС иеленушісінің үстінен моральдық шығын ретінде 100 мың теңге өндіріп алу туралы арыз берген. Арнадағы бағдарлама жүргізушісінің "жер" митингілерінің ұйымдастырушылары адам тартқаны үшін ақша алды деген сөзі арыз берушінің наразылығын тудырған.

Өз кезегінде канал өкілдері "Бірінші арнаның" материалдары арыз берушіге және өзге адамдарға да қарсы бағытталмағанын айтқан. "Евразия+ОРТ" ЖШС Нұрхан Жұмабековтың арызын мойындамады.

8 маусымда өткен сотқа дейінгі тілдесу барысында жауап беруші бірнеше өтініш жасады, соның ішінде сот барысына "Қазақстан бірінші арнасының" жүргізушісі Аймира Шаукентаеваны үшінші тарап ретінде шақырту да бар. 15 маусымда алматының Бостандық ауданы сотына "Евразия+ОРТ" ЖШС-ның үстінен Қазақстанның әр аймағынан 18 адам тағы да үш топтық арыз бергені анықталды. 20 маусымда өткен сот тартысында заңгер Нұрхан Жұмабеков пен "Евразия+ОРТ" ЖШС бітімге келе алмады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!