Қарағанды облысында 10 жасар бала сібір жарасы ауруын жұқтырған болуы мүмкін

Фотография - Қарағанды облысында 10 жасар бала сібір жарасы ауруын жұқтырған болуы мүмкін

Ол да Шет ауданының тұрғыны.

959 0

Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылының тағы бір тұрғыны ­- 10 жасар бала сібір жарасы ауруына шалынды деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп жазады Today.kz ауруханадағы мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

"20 маусымда түскен өзге бес адам сияқты бала да Шет ауданының тұрғыны. Ол алдында келіп түскен адамның ұлы. Оның диагнозы әлі анықталған жоқ", - дейді ауруханадағылар.

Осылайша бұл ауданнан сібір жарасы ауруын жұқтырды деген күдікпен алты адам жатқызылды. Олардың екеуі көз жұмды. Өлім себебі сараптама нәтижесінде анықталады. Өзге үш пациент жансақтау бөлімінде қалуда. Олар бұл ауруды мал сойып жатқанда жұқтырған болуы мүмкін.

Бірнеше күн бұрын ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алды. Дене қызуымен келген екі ер адам сібір жарасы сырқатына шалынды деген күдік бар. Зертханалық зерттеу нәтижелері 27 маусымда белгілі болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!