ОҚО-да 16 жасар жігітті поезд басып кеткен

Фотография - ОҚО-да 16 жасар жігітті поезд басып кеткен

Қайғылы жағдай зардап шеккен адамның "қауіпсіздік ережелерін сақтамау" салғырттығынан орын алған.

262 0

Ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген орындардан кесіп өтуге қатысты 12 493 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Мәселен, 20 маусым күні Шымкент ст. Ішкі істер желілік басқармасына Манкент станциясындағы Желілік полиция бөлімі кезекші бөлімінен ОҚО Сайрам ауданының 16 жастағы тұрғынын маневрлік пойыз басып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

Қайғылы жағдай зардап шеккен адамның "қауіпсіздік ережелерін сақтамау" салғырттығынан орын алған.

Оқиға орнын қарау барысында жасөспірімнің алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 344 бабының 2 тармағы (Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының мәлеметтері бойынша есепті кезең ішінде темір жол және әуе ұйымдары ұжымдарымен 330 кездесу, станция маңындағыжәне разъездегі тұрғындармен 219 кездесу өткізілген, сондай-ақ, жолаушылар пойыздарында жолаушылармен 285 кездесу және оқу орындарында темір жол көлігі объектілерінде құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылу туралы 980 түсіндіру жұмыстарымен дәрістер өткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!