Астана тұрғыны түнгі клубтан оралмаған

Фотография - Астана тұрғыны түнгі клубтан оралмаған

Балдырғанды соңғы рет 17 маусымда көрген.

653 0

Астанада 33 жасар Балдырған Сыбанбаева іздестірілуде. Қыз "Ретро" түнгі клубына барып, қайты оралмаған, деп жазады Today.kz  қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"19 маусым күні Астана қаласының ІІБ кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 18 маусым күні сағат 03:00 шамасында оның туысы Балдырған Сыбанбаева "Ретро" түнгі клубынан шығып, сол күйі хабарсыз кеткенін айтқан. Із-түссіз кеткен қызды іздестіруге Астана, Алматы мен облыстарының ІІД жеке құрамы мен көліктегі полицияға бағдар берілді", - делінген хабарламада.

Жоғалып кеткен қыздың туысы Қарлығаш Сыбанбайдың айтуынша, түнгі клубта Балдырған туыс әпкесімен бірге демалуға барған және әпкесі одан ертерек шығып кеткен.

"Сіңілім Балдырғанға ұйқысы келіп тұрғанын айтып, ертерек шығып кеткен. Балдырған клубта қалған, сағат 03:00-де такси ұстап ол жерден кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеді. Телефоны сөндірулі. Өз бетімен ол ешқайда кетуі мүмкін емес, оның жұмысы, "Азат" сауда үйінде жеке бөлімі бар", - дейді Қарлығаш Сыбанбай.

Қыздың белгілері: бойы 155-160 см, арықша келген, шашы қысқа, қара. Ашық түсті джинсы, жасыл кофта мен ашық түсті аяқ киімде болған.

Балдырған туралы ақпарат білетін адамдарды 8 (7172) 71-61-49, 71-60-22,  8 (778) 5807717 телефондары немесе 102-ге хабарласуын сұрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!