Қарағанды облысы Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты ТЖ режимі енгізілді

Фотография - Қарағанды облысы Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты ТЖ режимі енгізілді

Ауылға 50 км қашықтықта көлік жүруі шектелді.

530 0

Қарағанды облысы Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Қарағанды облсысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалиновтың сөзінше, ауылдан 50 киллометр айнала көліктің келуіне және ет-сүт өнімдерін тасуға шектеу қойылған. Ауылға апаратын барлық жолдар жабылып, карантин жарияланды, деп жазады Today.kz.

Айта кетейік, жергілікті санитарлы-эпидемиологиялық зертхана сібір жарасы ауруын растады. Ал республикалық санитарлы-эпидемиологиялық қызмет өз шешімін әлі жасамады.

Сонымен бірге, аталған факт бойынша 19 маусымда полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 18 маусымда ауыл тұрғынының бірінде сиыры ауырып қалады. Малды қараған ветеринар кетіп қалғанда, иесі өзбетінше малды сойып алады. Етін ол көршілері мен туыстарына таратқан. 19 маусымда ауру туралы бірінші хабарламалар түскен. Ауру жұқтырған адам жергілікті амбулаторияға барған, ол жерден облыстық инфекциялық ауруханасына жөнелтілген. 21 маусымда ҚР премьері АШМ басшысына Шет ауданындағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауданда сегіз адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі көз жұмды. Ауруды жұқтырған алғашқы бес адам туралы 20 маусымда белгілі болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!