Ақтөбеде "Арлан" арнайы жасағының қызметкеріне қатысты істі Ұлттық бюро тергейді

Фотография - Ақтөбеде "Арлан" арнайы жасағының қызметкеріне қатысты істі Ұлттық бюро тергейді

Оған қатысты ҚР ҚК 361-баптың 4-тармағы "Қызметін асыра пайдалну" айыбы тағылуда

367 0

Ақтөбеде тұтқындалған "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары Кенжеғали Бүркітбаевтың ісін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық бюро департаменті жүргізуде, деп жазады Today.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүркітовке қатысты екі ай қамауға алу бұлтартпау шарасы қолдану шешімі қабылданды", - деп хабарлады облыстық соттан.

Жоғары шенді арнайы жасақ қызметкері Ақтөбе тұрғыны болып келеді.

Естеріңізге салсақ, Кенжеғали Бүркітов 18 маусым күні мұнай ұрлаушыларға болысты деген күдікпен ұсталған. Жеткен мәліметтер бойынша, "Арлан" қызметкері ұрланған мұнайы бар көліктерді кедергісіз жүруін қамтамасыз ету керек болған. БАҚ таратқан ақпаратқа жүгінсек Бүркітовтың өзі ісіне өкініш білдірмеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!