Алматыда автобус кондукторы жолаушыны пышақпен жаралаған

Фотография - Алматыда автобус кондукторы жолаушыны пышақпен жаралаған

Сурет: facebook/@Shinar Alban

None

459 0

22 маусым күні Алматыда №303 автобусының кондукторы жолаушының аяғынан пышақпен ұрған. Дәрігерлер ер адамға қажетті көмек көрсеткен, ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ, деп жазады Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аталған факт СДТБТ-ға ҚР ҚК 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша тіркелді. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Бұл қақтығыс туралы Shinar Alban атты қолданушы өзінің Facebook  парақшасында жазған. Оның сөзінше, жолаушыда жол ақысына ақшаның болмауы қақтығысқа негіз болған.

"Қазір болған жағдай туралы жазбасқа болмады. Мен "Арзан" сауда үйінің маңында болған оқиғаға куәгер болдым. №303 автобус кондукторы жолаушыны ақшасы болмағаны үшін пышақтады. Мұнымен тынышталмаған алты адам оны тепкінің астына алған. мұндайды қазиетті Рамазан айында көрем деп ойламадым. Адамдар бір-бірін 80 теңге үшін қырып салуға дайын. Недеген сұмдық? Қазаққа тән бірлігіміз бен ағайындығымыз қайда? Алла төреші!" – деп жазыпты қыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!