Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваны іздеуге еріктілер қосылды

Фотография - Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваны іздеуге еріктілер қосылды

Сурет: ppz.kz

Қыз баланы еріктілерден құралған төрт топ іздеуде.

1090 0

Астанада із-түссіз жоғалып кеткен 33 жасар Балдырған Сыбанбаеваны еріктілердің бірнеше тобы іздеуде. Бұл туралы қыздың туысы Қарлығаш Сыбанбаева айтып берді, деп жазады Today.kz.

"Біз Балдырғанымызды табатынымызға үміттіміз. Оның ағалары бар, ал ол отбасындағы жалғыз қыз, ата- анасы өздерін қоярға жер тапппай жүр. Біз оның қайда кеткенін түсіне алмадық. Мұндай жағдай бұрын болған емес. Қазір бар күшімізді салып іздеудеміз, бізге еріктілерден төрт топ көмек етуде. Жақсылықтан үміттіміз", - дейді ол.

Естеріңізге салсақ Балдырған Сыбанбаеваны соңғы рет 17 маусымда Астанадағы "Ретро" түнгі клубынан көрген.  Клубта қыз бала өзінің сіңлісімен бірге демалуға барған, алайда сіңілісі ертерек үйіне қайтып кеткен.

"Сіңілім Балдырғанға ұйқысы келіп тұрғанын айтып, ертерек шығып кеткен. Балдырған клубта қалған, сағат 03:00-де такси ұстап ол жерден кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеді. Телефоны сөндірулі. Өз бетімен ол ешқайда кетуі мүмкін емес, оның жұмысы, "Азат" сауда үйінде жеке бөлімі бар", - дейді Қарлығаш Сыбанбай.

Қыздың белгілері: бойы 155-160 см, арықша келген, шашы қысқа, қара. Ашық түсті джинсы, жасыл кофта мен ашық түсті аяқ киімде болған.

Балдырған туралы ақпарат білетін адамдарды 8 (7172) 71-61-49, 71-60-22,  8 (778) 5807717 телефондары немесе 102-ге хабарласуын сұрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!