Қазақстандық шекарашылар 18 тонна қара металды заңсыз өткізудің жолын кесті

Фотография - Қазақстандық шекарашылар 18 тонна қара металды заңсыз өткізудің жолын кесті

Шекаралық бақылау кезінде аталған азамат «МАЗ» көлігіне тиелген 18 000 келі темір-терсегіне қатысты ешқандай құжат көрсете алмады.

156 0

Қазақстан-Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар 18 тонна қара металды заңсыз жолмен әкетіп бара жатқандарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, "Әлімбет - авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы осы жылдың 22 маусымы күні таңғы 5 сағат 56 минут шамасында 1974 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы Мазақов дегенді ұстады.

Шекаралық бақылау кезінде аталған азамат "МАЗ" көлігіне тиелген 18 000 келі темір-терсегіне қатысты ешқандай құжат көрсете алмады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 196 бабының 1-тармағы бойынша (қасақана қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату) ақпаратты тіркеу журналына рәсімделіп, Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!