ҰҚК Ақтөбедегі терактіге қатыстылар туралы тізімдердің сәйкеспеушілігін тергеуде

Фотография - ҰҚК Ақтөбедегі терактіге қатыстылар туралы тізімдердің сәйкеспеушілігін тергеуде

Қателіктер расталса ҚР ІІМ Ғаламтордағы тізімді жоққа шығаруға дайын.

349 0

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі терорист болуы мүмкін адамдар тізіміндегі қателіктерге байланысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысының сыртында ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтып берді, деп жазады Today.kz.

"Қазір тергеу жүруде. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуде. Бір ресми түрде берген тізімі Ғаламторда таралған тізіммен сәйкеспейді. Біз қазір тексеріс жүргізіп жатырмыз. Біз түсініктеме береміз, егер бәрі расталса, ол тізімді жоққа шығарамыз", - дейді министр.

Естеріңізге салсақ, "күдіктілер тізімнен"  43 жасар Самат Қожаниязов өзін көрген. Ол бұған қатты таңданған. Ал енді "көзі жойылған қылмыскерлер тізімінде" оның інісі Санат Қожаниязовтың аты жүрген.  Бұл тізімнен өзін ақтөбелік Данияр Уайсов тауып алып, желі арқылы өзінің бұған қатысы жоғын және есен-амандығын айтқан. Сонымен бірге, Ақтөбе облысы, Мартұқ ауданындағы Байнасай орта мектебінің түлегі Сағынған Сейтқали бұл тізімнен өз атын тауып алған. Осыдан кейін оның достары Сағынғанмен қатынасын үзген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!