Астанада өз үйін жарамын деп сес көрсеткен адам әкіммен кездесуді талап етуде

Фотография - Астанада өз үйін жарамын деп сес көрсеткен адам әкіммен кездесуді талап етуде

Әңгіме Мейрамовтар отбасы туралы.

469 0

Астанада Иманов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысы қоршауға алынды. Өзінің үйін жарып жіберемін деп сес көрсетіп отырған адам қағаз өртеді, деп жазады Today.kz.

Сот орындаушылары бірнеше жыл бойы Иманов көшесіндегі үйінен шығаруға тырысып жүрген Мейрамовтар отбасының отағасы Әділбек Мейрамов әкіммен кездесуді талап етуде. Алдын ала ақпарат бойынша, үйде ер адамнан өзге оның жүкті әйелі және кәмелетке толмаған екі баласы бар. Баспана оларға әкесінен мұралыққа қалған.

"Мен шыдап келдім! Шыдамның да шегі бар. Әкіммен ғана тілдесемін. Мен бұл үйді де, отбасымды да жарып жіберемін. Жетер осымен", - деді Мейрамов.

Ер адам сүрілуге жатқызылған үйі үшін осындай ашынған қадамға барғанға ұқсайды.

"Отбасы өтемақы алып қойған. Соттың 2012 жылы шыққан шешімі бар, иегер оны орындауы тиіс. Қазір сот шешімін мәжбүрлі түрде орындаймыз", - деді жер телімдерін тәркілеу бойынша құқықтық қамтамассыз ету бөлімінің басшысы Талғат Базаров.

Естеріңізге салсақ, Мейрамовтар отбасындағы жағдай осы үйдегі жүкті ана Гүлзада Мейрамова өзіне қол жұмсаймын дегеннен кейін қоғам белсенділері мен депутаттарды алаңдатқан. Әйел адам тамағына пышақ тақап, соңғы хатын жазған. Кейін отбасына үйде көктемге дейін қалуға рұқсат берілгені белгілі болған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!