ШҚО-ның екі тұрғынында "сібір жарасы" диагнозы расталды

Фотография - ШҚО-ның екі тұрғынында "сібір жарасы" диагнозы расталды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова олардың қажетті ем алып жатқанын хабарлады.

1235 0

ШҚО-ның сібір жарасы күдігімен ауруханаға жатқызылған екі адамда диагноз расталды.  Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша екі адам ­ -  санэпидем қызмет олардың сібір жарасын жұқтырғанын растады. Қарағанды облысында да көз жұмған екі адамда да расталды. Біз ақпаратты санитарлық-эпидеиологиялық қызметтен ақпарат күтуіміз керек, өйткені бұл сұрақпен тікелей солар айналысады, ал біз – тікелей медециналық көмек көрсету. Ауруханаға жатқызылған барлығының жағдайы тұрақты, оларға қажетті көмек көрсетіледі", - деді Дуйсенова.

Сонымен бірге, Дүйсенова эпидемиологиялық қызмет дерт ошақтарына сараптама жүргізіп, қандайда бір аурулардың өршуі қаупі туралы денсаулық сақтау жүйесіне ақпарат беріп отыруы керектігін айтып өтті.

Естеріңізге салсақ, 20 маусымда мал союдан кейін аудандық ауруханаға ыстығы көтеріліп ШҚО-ның екі тұрғыны ауруханаға түсті. Сойылған сиырдың еті ауылдағы тоғыз отбасына таратылған екен.

20 маусымда Қарағанды облысы Шет ауданының жұқпалы аурулар ауруханасына 24-тен 50 жасқа дейін бес адам ауруханаға түскен.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылығы министріне Қарағанды облысы Шет ауданындағы жағдайды бақылауға алуды тапсырғаннан кейін Еркіндік елді мекеніне карантин салынды. Ол жерде сібір жарасы диагнозы тоғыз адамнан анықталған., олардың екеуі көз жұмды. Көз жұмғандарды әк қабаты астында жерлейтіні белгілі болды.

23 маусымда ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов сібір жарасының Қарағанды облысы бойынша деңгейінен асқан сумен таралып жатқанын хабарлады. Ол кадастрге сәйкес, Қазақстанда 1935-жылдан 2015 жылға дейін сібір жарасынан қырылған мал мен жануарлар көмілген 2604 орын тіркелгенін нақтылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!