Петропавлда 9 жасар қыз бала суға кетті

Фотография - Петропавлда 9 жасар қыз бала суға кетті

Қауіпті жерде суға шомылу салдарынан олардың екеуін де ағыс алып кетті, атасы судан шығып үлгірді, ал қыз батып кетті.

445 0

Петропавлда 9 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"25 маусымда сағат 11:20-да Петропавл қаласының Новопавловка ауылының "Огонек" саяжай қоғамы ауданында Есіл өзенінің алабын құтқарушылар күзетпейтін жерде шомылу кезінде 2007 жылы туған қыз суға батып кетті", - делінген хабарламада.

Сол күні қыз саяжай қоғамында атасы мен әжесінде қонақта болып, атасымен балық аулауға кеткен. Қауіпті жерде суға шомылу салдарынан олардың екеуін де ағыс алып кетті, атасы судан шығып үлгірді, ал қыз батып кетті. Іздеу жұмыстарын облыстың төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару қызметінің, облыс ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің, жергілікті полицей қызметінің күштері жүргізуде. Барлығы елу адам жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстарын жүргізу штабы құрылды. Төтенше оқиға орын алған жерде ағыстың күшті болуы іздестіру жұмыстарын қиындатуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!