Астанада түнгі клубқа барған соң жоғалған қыз өлі күйінде табылды

Фотография - Астанада түнгі клубқа барған соң жоғалған қыз өлі күйінде табылды

Зорлық белгілерін бар Оның денесінен Астана маңынан тапқан.

3840 1

26 маусым сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында осыған дейін із түссіз жоғалып кеткен азаматша Сибанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп жазады Today.kz Тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны таныды.

ҚР ҚК "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. тергеу мүддесіне орай жасалынған қылмысқа байланысты басқа да мәліметтер жарияланбайды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 33 жасар Балдырған Сыбанбаева іздестіруге берілген. Қыз "Ретро" түнгі клубына барып, қайты оралмаған.

19 маусым күні Астана қаласының ІІБ кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 18 маусым күні сағат 03:00 шамасында оның туысы Балдырған Сыбанбаева "Ретро" түнгі клубынан шығып, сол күйі хабарсыз кеткенін айтқан. Із-түссіз кеткен қызды іздестіруге Астана, Алматы мен облыстарының ІІД жеке құрамы мен көліктегі полицияға бағдар берілді", - делінген болатын хабарламада.

Жоғалып кеткен қыздың туысы Қарлығаш Сыбанбайдың айтуынша, түнгі клубта Балдырған туыс әпкесімен бірге демалуға барған және әпкесі одан ертерек шығып кеткен.




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Mura 29 мау. 2016

Жигиттер ана текст матиндериниз кате гой дурыстап карап толтырыныздар

Жауап беру