Апатты жағдайда қонған Ан-2 ұшқышы жансақтау бөліміне жатқызылды

Фотография - Апатты жағдайда қонған Ан-2  ұшқышы жансақтау бөліміне жатқызылды

Фото: ru-aviation.livejournal.com

Апатты жағдайда қонған ұшақ орнында комиссия жұмыс жасап жатыр.

1276 0

Арнайы комиссия Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонған Балқаш ауданы Береке ауылына аттанды, деп хабарлайды Today.kz Алматы облысы ТЖД сілтеме жасай отырып. Оқыс оқиғаға байланысты кейбір жағдаяттар анықталды.

"Алматы облыстық ТЖД-не 26 маусым сағат 12:46 да Балқаш ауданы Береке ауылының маңында жоспарланған ұшу және егістік алқаптарын техникалық өңдеуден өткізу мақсатында ұшқан "Тамшы бұлақ" ЖШС тиесілі Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат түсті. Ұшақ ішінде ұшқыш пен техник болған. Ұшақ қонған соң өртке оранған", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Азамат Жұртбаев.

Азмат Жұртбаевтың айтуынша, ұшқышты да техникті де өрт шалған. Олар қазір Бақанас аудандық орталық ауруханасында жатыр. Ұшқыш жансақтау бөліміне жатқызылды, ал техник терапия бөлімінде.

"Ұшқыш денесінің 70 пайызын өрт шалған, қазіргі кезде оның жағдайы ауыр халде, ал техник болса 30 пайызға күйіп қалған, алайда оның жағдайы бірқалыпты.

ЖШС "Тамшы бұлақ" тиесілі Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонуына байланысты арнай комиссия құрылды. Олар оқыс оқиғаның неден болғандығын анықтайтын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!