ШҚО-да үш бала суға кетті

Фотография - ШҚО-да үш бала суға кетті

Екі жасар сәби Шынқожа ауылында Нарын өзенінде абайсыздан суға кетті.

424 0

Өткен демалыс күндері өңірде үш бала - екі жасар нәресте, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер суға кетті.

Екі жасар сәби Шынқожа ауылында Нарын өзенінде абайсыздан суға кетті. Оның мәйітін 30 сантиметрлік тереңдіктен сенбі күні түнде жергілікті тұрғындар алып шықты.  

12 жасар бала Белокаменка  ауылында түнде акватори құтқарушылары күзетпейтін (бақыламайтын) жасанды су қоймада суға шомылып, батып кетті. Оның өлі денесі жексенбі күні табылды.

Бобровка кентінде акватори құтқарушылары күзетпейтін (бақыламайтын) жасанды су қоймада жексенбі күні кешке 13 жасар ұл бала суға кетті. Оның мәйітін "ВРАОСО" ММ қызметкерлері қайғылы оқиғадан екі сағат өткен соң алып шықты, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!