Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды

Фотография - Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

227 0

Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды деп күдіктелуде, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Екібастұз ішкі істер басқармасы автобус кондукторы болып жұмыс істейтін 28 жасар әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлімі (денсаулыққа қасақана орта дәрежедегі зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізуге 25 жастағы қала тұрғынының арызы негіз болды. Шағымға сәйкес, маршруттық автобуста туындаған жанжал кезінде кондуктор оған дене жарақаттарын келтірген. Содан кейін ол ауруханаға барған, онда әйелге "сүйек сынығы" деген диагноз қойған. 

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!