Ішімдік ішкен және есірткі қолданған жолаушы әуе рейсінен түсірілді

Фотография - Ішімдік ішкен және есірткі қолданған жолаушы әуе рейсінен түсірілді

Борт жолсерігімен жанжалдасқан Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны "Өскемен-Астана" бағытынан түсіріліп тасталды.

209 0

Ағымдағы жылғы 25 маусымда Өскемен қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясының "Өскемен-Астана" бағытындағы әуе кемесінің бортында жолаушы жанжал шығарғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Борт жолсерігімен жанжалдасқан Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны жоғарыда аталған рейстен түсіріліп тасталды.

Куәландыру актісінің қорытындысы азаматтың орта дәрежеде масаң күйде болғандығын және медициналық емес есірткі затын тұтынғанын көрсетті.

Өскемен қаласы әуежайының ЖПБ қызметкерлері құқық бұзушының үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 1 тармағы (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабының 1 тармағы (Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!