Алматыда із-түссіз кеткен 27 жасар ер адам өзен бойынан өлі күйде табылды

Фотография - Алматыда із-түссіз кеткен 27 жасар ер адам өзен бойынан өлі күйде табылды

Ер аданың денесінен жарақат іздері табылмаған.

706 0

23 маусым күні Алматыда із-түссіз кеткен 27 жасар Арман Құдышев өлі күйде табылды, деп жазады Today.kz. Туыстарының сөзінше, ер адамның денесі Magnum №8 дүкені маңындағы өзен бойынан табылған.

"Біз оны орталық моргтен таптық. Өлім себебі белгісіз. Түркісіб ауданының тергеу бөлімі бұл іспен айналысуда. Полицейлер Арманды Пятилетка ауылына жақын жердегі өзен маңайынан тапқан. Өлім себебі белгісіз, бірақ адам қолынан өлгенге ұқсамайды, көгерген ештеме жоқ, мен оны таныдым. Ол ашық емес еді, ата-анасына да ашып ештеме айтпайтын, бірақ осының алдында туыс ағасына оған біреудің жәбір көрсетіп жүргенін айтып шағымданған", - дейді марқұмның туысы Саят.

Ер адамның айтуынша, ер адаммен бірге құжаттары да, әмианы да табылған. Дегенмен ұялы телефоны табылмады. Ер адам Magnum дүкенінде мерчендайзер болып істеген. 23 маусым күні сағат 18:00-де ол әріптесімен бірге далаға шығып, екеуі қоштасқан. Ол кезде Арман "Мамыр-4" ықшамауданындағы әпкесіне барғалы тұрғанын айтқан. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген.

Арман Кұдышевті Байсерке ауылында жерлейді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!