Сот Аян Мейірбаевтың қамаудан босатылуына рұқсат бермеген

Фотография - Сот Аян Мейірбаевтың қамаудан босатылуына рұқсат бермеген

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне күдікті прокурор келісімі беріліп, тергеуші рұқсатымен босатылған.

557 0

Сотқа Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың өлімі бойынша күдікті Аян Мейірбаевты қамаудан босату туралы өтініш түспеген. Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеуге алынған тұлғаны босату мәселесі процессуалды прокурор келісім берген жағдайда іс бойынша тергеушінің рұқсатымен шешіледі, деп жазады Today.kz.

"Қазіргі кезде сотқа дейінгі  тергеу органдарының өтінімдерінің негізінде сот шешімімен Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев, Нұрбек Әжімбайға қатысты қамауда ұстау мерзімі 2016 жылдың 10 тамызына дейін ұзартылды. Аян Мейірбаевқа қатысты мұндай өтінім түспеген. ҚР ҚПК 153-бабының 5-тармағына сәйкес күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы осы кодекстің 145-бабының 8-тармағынан өзге жағдайда прокурор келісімін берілген жағдайда қылмыстық қудалау органының уәжделген қаулысы негнізінде өзгертіледі.  Осыған байланысты Астана соты Мейірбаевтың қамаудан сот шешімімен босатылмағаны хабарлайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Астанананың медециналық университетінің 23 жасар студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. 10 ақпанда ол өлі күйінде табылған. Сараптама көрсеткендей ол адам қолынан қаза тапқан.

Ерасыл Әубәкіров таланттар конкурсына қатысушы ретінде танымал болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!