Аян Мейірбаевтың әрекеттерінде қылмыс анықталған жоқ - ҚР ІІМ

Фотография - Аян Мейірбаевтың әрекеттерінде қылмыс анықталған жоқ - ҚР ІІМ

Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

332 0

Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық іс оның амалдарында қылмыс анықталмағандықтан тоқтатылды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне ҚР ІІМ  ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.

Садубаевтың айтуы бойынша, Астана прокуратурасының келісімімен Мейірбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы алынып тасталып, ол босатылды. Қазіргі кезде іс бойынша барлық тергеу аяқталуға жақын. Барлық соттық сараптамалар нәтижелері іс материалдарына қатыстырылды.

Зардап шегуші тарап, күдіктілер мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін іс прокуратурада қаралып, сотқа жолданады.

Мұның алдында Аян Мейірбаевты қамаудан босату туралы өтінім сотқа келіп түспегені хабарланған болатын.

Естеріңізге салсақ, Астанананың медециналық университетінің 23 жасар студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. 10 ақпанда ол өлі күйінде табылған. Сараптама көрсеткендей ол адам қолынан қаза тапқан.

Ерасыл Әубәкіров таланттар конкурсына қатысушы ретінде танымал болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!