Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деген күдіктілердің үшеуіне қамау мерзімі ұзартылды

Фотография - Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деген күдіктілердің үшеуіне қамау мерзімі ұзартылды

Студент Ерасыл Әубәкіров 2016 жылғы 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

257 0

Астана соты медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деген төрт күдіктінің үшеуіне қамау мерзімін 10 тамызға дейін ұзартты. Ал бұрын қамауда отырған төртінші күдікті Мейірбаев Аянға қатысты мұндай өтінішті сотқа дейінгі тергеу органы бермеген, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Студент Ерасыл Әубәкіров 2016 жылғы 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бір аптадан кейін оның зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. 

"Қазіргі уақытта сот сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініштерінің негізінде Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев, Нұрбек Әжімбайға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2016 жылдың 10 тамызына дейін ұзартты. Мейірбаев Аянға қатысты осындай өтінішті сотқа дейінгі тергеу органы бермеді", — делінген хабарламада. 

"Осыған байланысты, Астана соты Мейірбаев Аянның сотпен босатлмағандығын хабарлайды", — деп мәлім етті сот. 

Хабарламада атап көрсетілгендей, тергеудегі тұлғаларды босату туралы мәселені іс бойынша тергеушінің процессуалдық прокурорының келісімімен, сотта қарастырылмай шеше алады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!