АҚШ екі азаматына Қазақстанға заңсыз келгені үшін айыппұл салынды

Фотография - АҚШ екі азаматына Қазақстанға заңсыз келгені үшін айыппұл салынды

Аталған факт бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарының үстінен ӘҚБтҚ РК 496 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

188 0

Көлік полицейлері Павлодар қаласы әуежайында жолаушыларды тіркеу кезінде ҚР-да заңсыз жүрген АҚШ-тың 2 азаматын ұстады деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметінше, ағымдағы жылғы 27 маусым күні "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын жүргізу кезінде Павлодар станциясындағы Ішкі істер желелік бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында "Павлодар-Мәскеу" әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасының азаматтары болған, Америка Құрама Штаттарының 2 азаматын анықтап, ұстады.

"Олардың бірі, 2007 жылы Павлодар қаласынан кетіп, 2012 жылы ресми түрде АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Иган қаласының 43 жастағы тұрғыны. Екіншісі, 2014 жылы АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Шакопи қаласының 82 жастағы тұрғыны болып шықты.Құжаттарды тексеру барысында олардың 2016 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан аумағына келіп, АҚШ азаматтары бола тұра Қазақстан Республикасының төлқұжаттарын пайдаланғаны, яғни, ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарының үстінен ӘҚБтҚ РК 496 бабының 1 тармағы бойынша (ҚР азаматтығынан айырылған адамның ҚР азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы) әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысынан 100 АЕК, яғни 212 100 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!