Шымкентте ЖКО-да жеті адам жапа шекті, бір бала қаза тапты

Фотография - Шымкентте ЖКО-да жеті адам жапа шекті, бір бала қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ауыр дене жарақатынан "Дэу-джентра" маркалы автокөлігінің жолаушысы 2014 ж.т. бүлдіршін оқиға орнында қаза бол

404 0

Шымкент қаласында орын алған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2 жастағы бала қаза болып, 7 адам зардап шеккен жайт негізінде қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың 28 маусым күні, сағат 16.00 шамасында Шымкент қаласындағы Жаңаталап ауданындағы қиылыстардың бірінде 1976 ж.т. «Луидор» маркалы маршруттық таксидің жүргізушісі 1984 ж.т. Шымкент қаласының тұрғынының басқаруындағы "Дэу-джентра" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ауыр дене жарақатынан "Дэу-джентра" маркалы автокөлігінің жолаушысы 2014 ж.т. бүлдіршін оқиға орнында қаза болған", - делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше, және де ЖКО нәтижесінде Шымкент қаласының 7 тұрғыны зардап шеккен. Олар: 32 жастағы «Дэу-джентра» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы 1986 ж.т. әйелі мен 2011 ж.т. ұлы, сондай-ақ «Луидор» шағын автобусының жүргізушісі және жолаушысы 1994, 1997, 1999 ж.т. үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.

"Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды. ЖКО-ға кінәліні анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",-деп көрсетілген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!