Қарағанды облысында радикалдарды ұстау барысында жанкешті өзін жарды - ҰҚК

Фотография - Қарағанды облысында радикалдарды ұстау барысында жанкешті өзін жарды - ҰҚК

ТЖ Гүлшат ауылында болған.

592 0

Қарағанды облысында теракт жасауға дайындалған күдіктілер ұсталды. Радикалды топтың бір мүшесі өзін-өзі жарып мерт болды, деп жазады Today.kz  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террористік актті жоспарлаған радикалды топ іс-қимылының жолы кесілді.

Гүлшат ауылында қылмыскерлерді ұстау барысында террористердің біреуі өз-өзін жарып,  алған жарақаттардан көз жұмды. Басқа құрбандар мен зардап шекендер жоқ.
Топтың басқа мүшелері ұсталды. Жарылғыш құрылғы құрауыштары, дәрімен атылатын қару және өзге заттай айғақтар алынды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда", - делінген ведомствоның сайтында.

Естеріңізге салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде теракт жасалды. Сәләфизмді жақтаушы топ екі қару дүкені мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөліміне шабуыл жасаған. Теракт нәтижесінде тоғыз адам көз жұмды, соның ішінде үш әскери. 9 маусым қаралы күн болып жарияланды.

28 маусымда бірнеше содыр Калашников автоматынан әуежай тұрағының кіре берісі мен шыға берісінен оқ атып, кейін жарылғыш затты іске қосқан. БАҚ мәліметтері бойынша, теракт салдарынан 43 адам көз жұмып, 150-ге жуық адам зардап шеккен.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!