Қазақстанда бір тәулікте бес бала суға кетті

Фотография - Қазақстанда бір тәулікте бес бала суға кетті

Ағымдағы жылы 29 маусымда ОҚО Қазығұрт ауылы Келес өзенінде суға түсіп жатқанда 2005 жылы туған бала батып кетті.

306 0

Өткен тәулікте Қазақстанда балалардың суға батуының 5 жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады.  

"Ағымдағы жылы 29 маусымда ОҚО Қазығұрт ауылы Келес өзенінде суға түсіп жатқанда  2005 жылы туған бала батып кетті. Шымкент қаласында абайсыздан Қарасу өзеніне құлаған 2012 жылы туған қыз суға кетті. Алматы облысында екі баланың өлімі тіркелді.  Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылындағы көлде шомылған  2000 жылы туған жеткіншек батты.  2001 жылы туған жасөспірім Жамбыл  ауданы Үмбетәлі ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан  карьерде шомылып батты. Жамбыл облысында  Мерке өзеніне 2009 жылы туған бала абайсыздан құлап, батып кетті", - делінген хабарламада.

Аталып өтілгендей, қайғылы оқиғалардың барлығы құтқарушылар бақыламайтын жерлерде орын алған, деп хабарлады  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!