ҰҚК: Қарағанды облысында ұсталған радикалдар аймақта теракт ұйымдастырмақ болған

Фотография - ҰҚК: Қарағанды облысында ұсталған радикалдар аймақта теракт ұйымдастырмақ болған

Владимир Жұмақановтың сөзінше, бұл ТЖ Ақтөбедегі терактімен байланысты емес.

547 0

Қарағанды облысы Балқаш ауданындағы Гүлшат елді мекенінде ұсталған радикалдар аймақта террористік актілер жасамақ болған. Бұл туралы ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Алты адам ұсталды, бір адам өзін жарып жіберді. Жергілікті тұрғындар, Қазақстан азаматтары, барлығы да сәләфия ағымындағылар. Сол Қарағанды аймағында теракт жоспарлаған", - деп атап өтті Жұмақанов.

Оның айтуынша, бұл ТЖ Ақтөбедегі терактімен байланысты емес. Ол кезде сәләфизмді ұстанушы топ екі қару дүкені мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөліміне шабуыл жасаған. Теракт нәтижесінде тоғыз адам көз жұмды, соның ішінде үш әскери. 9 маусым қаралы күн болып жарияланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!