ШҚО-да қылмыс әлемінің беделдісі мен оның отбасына шабуыл жасалды

Фотография - ШҚО-да қылмыс әлемінің беделдісі мен оның отбасына шабуыл жасалды

Шабуылдан 19 жасар қыз бала көз жұмды.

1359 0

Шығыс Қазақстан облысында 60 жасар жергілікті тұрғынның отбасына шабуыл жасалды. Қылмыскерлер қолынан үй иесінің жиен қарындасы қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. ТЖ 28 маусым күні Үржар ауданы Таскескен ауылында болған, деп жазады Today.kz  ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жеткешісі Бақытжан Торғаевқа сілтеме жасай отырып.

Облыстық ІІД-ден хабарлағандай, оқиғаны тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Қылмыс 21:00-ге таман болды. Жеке үйден адам қолынан көз жұмған 19 жасар қыздың денесі табылды. Сонымен бірге жергілікті ауруханаға осы үйден 60 жасар үй иесі мен оның 84 жасар анасы жеткізілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Пышақ жарақаттарын алған зардап шегушілер Өскемендегі облыстық ауруханаға ауыстырылды. Көз жұмған қыз үй иесінің жиен қарындасы, ол Красноярсктен туыстарының үйіне қонаққа келген болатын.

"Қыздың денесін үйіне келген кезде үй иесінің ұлы көрген. Факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қылмысқа қатысты тұлғаны анықтады, шабуылдаушыларды іздеу басталды", - дейді Бақытжан Торғаев.

Пышақпен қаруланған топ басып кірген үйдің иесі сол маңайға белгілі. Ақпараттанған мәлімет көзінен сенсек, 60 жасар Секен қылмыс әлемінде беделді адам. Оны "Көксекер" атап кеткен екен, осы жылы көктемде ол 15 жылын өткізген түрмеден босап келген.

Анонимнің айтуынша, 28 маусым күні кешке зардап шегушінің есігін біреулер ұрған, иесі көп ойланбай есік ашқан, осыдан кейін оқиға орын алды. Қылмыскерлер қыз бала мен екі зардап шегушіні қинаған, одан кейін есікті шегелеп кетіп қалған. Полиция келіп жеткенде Секен әлі есінде болған және шабуылдаушылардың бірінің атын айтып үлгерген.

Қылмыстың себептері анықталуда. Тонау болды деген нұсқа расталмады, дейді мәлімет көзі. Оның айтуынша, Секеннен "бұрынғы істері үшін кек қайтарылған".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!