Көлік полициясыі 10 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады

Фотография - Көлік полициясыі 10 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады

Ұсталған азаматқа қатысты "қамаққа алу" түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды.

261 0

Ағымдағы жылғы 18 маусымда Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жеке басын анықтау үшін ұсталып, Арыс ст.ЖПБ қабылдап тарату-орнына отырғызылған ер азаматтың 2006 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Қырғызстан Республикасы Ош облысының тумасы екенін анықтады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Аталған азамат 2006 жылғы 29 сәуірде Қырғыстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жазаны орындаудың мемлекеттік қызметі мекемесінен қашып, тергеуден жасырынып келген. Оның үстінен осыған дейін Қырғыстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 336 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталған азаматқа қатысты "қамаққа алу" түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!