Полицейлер вагондардан бөлшектер ұрлаған темір жол қызметкерлерін ұстады

Фотография - Полицейлер вагондардан бөлшектер ұрлаған темір жол қызметкерлерін ұстады

Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

305 0

Қостанай станциясындағы ішкі істер желілік бөліміне "Қазтеміртранс» АҚ-дан Железорудная станциясында "Қазтеміртранс" АҚ-ға тиесілі 26 вагоннан белгісіз біреулер бөлшектерді ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Келтірілген залал мөлшері 266 825 теңге, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Қостанай станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция қызметкері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қостанай облысы Рудный қаласының 1982, 1988 және 1994 жылы туған үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардың барлығы Железорудная станциясындағы Техникалық қадағалау пунктінің қызметкерлері болып шықты.

Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Аталған факт ҚР ҚК 188-бабының 2-тармағы (бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!