"Нұр-Астана" мешітінде ұрлық жасаған адам сот алдында жауап берді

Фотография - "Нұр-Астана" мешітінде ұрлық жасаған адам сот алдында жауап берді

Фото: muftyat.kz

Қылмыс осы жылдың 19 мамыр күні болған.

1848 0

Қалалық мешітте болған ұрлық ісін Астананың Есіл аудандық №2-ші сотында қарады, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы сот органының баспасөз қызметінде хабарлады.

"2016 жылы 19 мамырда А. деген азамат Астана қаласының "Нұр-Астана" мешітінде жапа шегушінің жеке заттарын ұрлады, деп бекітті сот. Қылмыстық іс ҚР ҚК 188 бабы 1 тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, немесе үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады) бойынша қарастырылуда. 

Сот отырысы соңында екі жақ мәмілеге келіп, аяқталды. Қаскүнемге қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Сот шешімі әзірге өз күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 2015 жылдың тамыз айында Павлодарда болған.  Мешітке келушілердің бірі басқа келушілердің жеке заттарын ұрлаумен айналысқан. Бұзақы тұтқындалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!