Қарағанды облысында ұсталған радикалды топты туған ағайындылар басқарған

Фотография - Қарағанды облысында ұсталған радикалды топты туған ағайындылар басқарған

Топ үш ай бұрын құрылған.

817 0

Қарағанды облысында теракт жоспарлаған деген күдікпен ұсталған алты адамнан тұратын топты туған ағайындылар басқарған. Ол топтың ішінде тағы біреу олардың туысы болып келеді. Топ сәуір айында құрылған, деп жазады Today.kz Балқаш ауданының сотына сілтеме жасай отырып.

"Екі туған ағайынды және туысқан ағасы ҚР ҚК 257-бабының 1-тармағы террористік топ құрып, оны басқару мен белсенді қатысуға күдікті болып отыр. Топты басқарды деген айып ағайындылардың біріне тағылуда. Топтың барлық мүшелеріне 287-баптың 5-тармағы "Бір топ адамның алдын ала келісіммен оқ ататын қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, сату, өзге қолға тапсыру" бойынша айыпталуда.

Топтағы тағы да екі адам да туған ағайынды болған. Олардың бірі – 26 маусым күні Гүлшат ауылында өзін жарып жіберген жанкешті.

Полиция мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел әрекеті топ мүшелеріне теракт жасауға бөгет болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуірінде дәстүрлі емес діни ағым өкілі болып келетін Балқаш тұрғыны, Балқаш аумағында қала мен Гүлшат ауылының тұрғындары болып келетін ниеттес адамдардан террористік топ құрған. Топ басшысы (әмірі) болып оның ағасы тағайындалған. Топтың әрбір мүшесі түрлі міндеттер атқарған: жарылғыш зат іздеу, жарылғыш затты қолдан жасау, көлік пен қылмыстық қажеттілік үшін қаржы іздеу, теракт жасау орнын іздеу.

Қылмыстық топ мүшелері Қазақстанда террористік акт жасауды және ИСИМ (ДАИШ)* ұйымына көмек көрсетуді мақсат еткен.

Тергеу әзірге террористердің жарылғыш затты қайдан алғанын және Гүлшат ауылында дәл қай жерде сақтағанын анықтаған жоқ.

Естеріңізге салсақ, 29 маусымда Қарағанды облысында теракт жасауға күдікті адамдардың ұсталғаны белгілі болды. Радикалды топтың бір мүшесі өзін жарып көз жұмды. Кейін ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов ұсталғандардың барлығы Қазақстан азаматтары, сәләфия ағымының өкілдері екендігін хабарлады.

ИСИМ (ДАИШ)* - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!